jasqazaq.kz

Атырау облысында 210 мың гектар жер қайтарылады

03 мамыр 2023, 15:40

Осы жылы Атырау облысында мемлекет иелігіне ауыл шаруашылығы мақсатындағы 210 мың гектар жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылады. Жер ресурстарын басқару комитеті Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Гүлзия Құрманованың мәліметінше, жер учаскесін нысаналы мақсатқа сай игермегендерге 21 ескерту берілген. Сонымен қатар, Жер кодексінің талаптарын сақтамаған, жер учаскелерін заңға қайшы пайдаланғандарға 18 нұсқама жолданды.

«Президенттің ауылшаруашылық мақсатына беріліп, игерілмей отырған жер учаскелерін мемлекетке қайтару тапсырмасына сәйкес, өткен жылы 200 мың гектар жер учаскесін қайтару көзделген еді. Былтыр барлығы 185 жер учаскесі қайтарылды.

Жер телімінің жалпы көлемі 206 мың 209,90 гектарды құрайды. Оның ішінде егістік алқабына 15 416 гектар жер учаскесі, жайылымдық мақсатта пайдалану 190693,90 гектар берілген. Ал 100 гектар басқа мақсаттағы жұмыстар үшін берілгені анықталды.

Биыл облыс бойынша 210 мың гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін мемлекетке қайтару жоспарланып отыр», — деді Гүлзия Құрманова. Департамент басшысы облыс аумағында осы кезге дейін 56 жер учаскесі қайтарылғанын айтты. Жер телімінің жалпы көлемі 17296,20 гектарды құрайды. Оның ішінде 40 гектар егістік алқабы, 16864,95 гектар жайылымдық, 391,25 гектар басқа мақсаттағы жер учаскелері бар. Бұдан бұрын да Атырау облысында 165 мың гектарға жуық жер мемлекет меншігіне қайтарылған болатын.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі