jasqazaq.kz

Атырау облысы: Балабақша есепшілері қаржы жымқырған

28 қараша 2024, 10:21

Атырау облысында балабақша есепшілері бюджет өқаржысын өз қалталарына басқан. Атырау облыстық ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары Зоя Сапарованың айтуынша, бірі қаржыны өзінің, екіншісі өзімен бірге 2 әріптесіне және жұмыс істемейтін адамдардың жеке есепшотына негізсіз аударған.
«Осындағы «Жауқазын» балабақшасына аудиторлық іс-шара жүргізілген еді. Аудит қорытындысымен жалпы сомасы 9 млн 539 мың теңгенің қаржылық бұзушылығы анықталды. Балабақша басшысы тарапынан қаржының шығысына, жүргізілген операциялардың дұрыстығына тиісті қадағалау жасалмаған. Соның салдарынан мектепке дейінгі тәрбие беру мекемесінің есепшісі 2022-2023 жылдары өзінің жеке картасының есепшотына қаржы аударған. Бұл үшін директордың электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдаланған», — деді Зоя Сапарова.

Оның айтуына қарағанда, қаржылық бұзушылыққа балабақша есепшісіне қатысты қылмыстық іс қозғалған. Соттың шешімімен есепші кінәлі деп танылған. Осыған ұқсас тағы дерек Қызылқоға ауданындағы «Балауса» балабақшасында тіркелген.

«Аудиторлық іс-шараның аудит нәтижесінде жалпы сомасы 26 млн 366 мың теңгенің қаржылық бұзушылығы анықталды. Есепші директордың электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдаланып, өзінің, 2 қызметкер мен балабақшада жұмыс істемейтін тұлғалардың банктегі жеке шотына қаржыны негізсіз аударғаны белгілі болды», — деп мәлім етті Зоя Сапарова.
Аталған балабақшаның бас есепшісіне қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу аяқталған. Қазір қылмыстық іс сотта қаралып жатыр.

JQ-Aqparat

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді