jasqazaq.kz

Атырау облысы: Алименттен жалтарған 53 борышкер жауапқа тартылды

17 қазан 2024, 10:29

Атырау облысында жыл басынан бері алимент төлеуден жалтарып жүрген 53 борышкер әкімшілік жауапқа тартылды. Олардан өндірілген алимент көлемі 96 млн теңгеден асты.

Атырау облыстық әділет департаменті сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімінің басшысы Ақбөбек Дүсіпқалиеваның айтуынша, балалары үшін алимент төлемейтін ата-ана көбейген.

«Былтыр мемлекеттік және жеке сот орындаушыларының өндірісінде алимент өндіруге қатысты 9 564 құжат болған еді. Биыл оған 2 148 құжат қосылды. Бұл көрсеткіш былтырғыдан 16 пайызға артып отыр. Жыл басынан бері алимент төлеуден жалтарып жүрген 53 борышкер анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Борышкерлерден балалары үшін 96 млн теңгеден астам алимент берешегі өндірілді», -деп хабарлады Ақбөбек Дүсіпқалиева.

Оның мәліметінше, Атырау облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен 3 адам ҚР Қылмыстық кодексінің 139-бабымен кінәлі деп танылған. Оларға 1 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

JQ-Aqparat

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі