jasqazaq.kz

Атырау мен Шымкенттің туристерін жеткізген ұшақ Шарджаға сәтті қонды

30 желтоқсан 2016, 6:53

Шарджа қаласының әуежайындағы қалың тұман салдарынан онда бет алатын рейстің аттандырылуы белгісіз болып келгенімен атыраулық туристер діттеген жерлеріне ұшып шығып, сәтті жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

«Жаңа жылды Біріккен Араб Әмірліктерінде қарсы алмақ болған жандар Шарджа әуежайындағы қалың тұман жайында ғаламтордан оқи отырып біршама алаңдағаны белгілі. Алайда бәрі жақсы аяқталды. Атырауға шымкенттік туристерді жеткізген SCAT әуе компаниясының ұшағы кері қайтқанда Шарджаға бет алған атыраулық жолаушыларды алып ұшты. Туристердің хабарлауынша, бортында 180 адамы бар ұшақ жерге сәтті қонған. Бір жайсыз жері, олар олар елге оралғанда алдымен Шымкентке қонып содан кейін өңірге келеді», — деп мәлім етті «Бес жұлдыз» саяхат агенттігінің атыраулық менеджері Евгения Нефедова. Еске сала кетсек, бірнеше күнгі ауа райының қолайсыздығы салдарынан (тұман) Шарджа (БАӘ) қаласының әуежайында авиарейстер кейінге қалдырды. «Эйр Арабия» авиакомпаниясының деректеріне сәйкес бүгін Шарджадан екі рейс ұшуы тиіс — Алматыға (180 адам) және Астанаға (140 адам) рейстер кейінге қалдырылды. Туроператорлардың мәліметі бойынша қазақстандық жолаушыларға тамақ беріліп, қонақ үйлерге жайғастырылған. Министрліктің хабарлауынша, «Эйр Арабия» компаниясы Астана мен Алматыдан Шарджаға ұшатын рейстерді де кейінге қалдырды. Бұл рейте 300 жолаушы бар,олардың қатарында Шарджа арқылы транзитпен Коломбоға (Шри Ланка) ұшатын 50 адам тіркелген. ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Шарджада (БАӘ) қалып қойған қазақстандықтарды елге жеткізу мәселесі бойынша жұмысшы штабын құрды, оған Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі, әуекомпаниялар және туристік операторлар кіреді. «Қазіргі уақытта қазақстандық туристерді жеткізу мәселесін шешудің екі жолы бар. «Эйр Арабия» әуекомпаниясы қосымша рейстер ашып, жолаушыларды жеткізеді. Алайда әуекомпанияның басшылығы осы мәселеге қатысты нақты жауап берген жоқ. Қазақстандық туроператорлар SCAT әуекомпаниясының бортымен Шарджадан туристерімізді Алматыға әкеледі, қайтарында Шарджаға ұшатын барлық туристерді алып кетеді. «Эйр Арабия» компаниясы кейінірек операторларға туристерді тасымалдау құнын қайтарып береді», — делінген ҚР ИДМ хабарламасында.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде