jasqazaq.kz

Атырау: Бюджет қаржысын жымқырған бухгалтерлер сотталды

15 қазан 2024, 11:41

Атырауда емхананың бас есепшісі бюджеттің 573 млн теңгесін өз есепшотына аударып алған. Сот үкімімен бас есепші осы қылмысы үшін 8 жылға сотталды.

Бұл қылмыстық іс Атырау қаласының №2 сотында қаралды. Сотталушыға ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы, 218-бабының 1-бөлігімен айып тағылған.

«Атырау қалалық емханасының бас бухгалтері қызмет бабын пайдаланып, қасақана пайдақорлық ниетпен 2012-2023 жылдар аралығында өзіне сеніп тапсырылған 573 млн теңгеден астам бюджет қаражатын иемденіп, банктердегі өз есеп-шоттарына аударған. Қылмыстық жолмен алынған осы қаражатты аудару түрінде мәмілелер жасасу арқылы заңдастырған. Емханаға аса ірі мөлшерде залал келтірілген. Істі қарау барысында сотталушы 3 млн теңгені өтеген», — деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Прокурор сотталушыны 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруды ұсынған. Ал, сотталушы өзіне жңіл жаза түрін тағайындауды сұраған.

Сот сотталушыға қатысты бірнеше жайтқа газар аударды. Бірінішіден, сотталушы өзінің айыбын ішінара мойындаған. Екіншіден, өзінің әрекетіне өкінген. Үшіншіден, сотталушының асырауында жас балалары бар. Төртіншіден, ол келтірілген зиянды ішінара өтеген. Осының бәрі жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде танылып отыр.

«Сотталушы тағылған айыптар бойынша кінәлі деп танылды. Қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлкі мемлекет пайдасына тәркіленді. Оған қаражат және материалдық жауаптылыққа байланысты қызметпен айналысу құқығынан 10 жылға, бас бостандығынан 8 жыл мерзімге айыру жазасы тағайындалды», — деп мәлім етті соттың баспасөз қызметінен.
Апелляция бірінші сатыдағы соттың үкімімен келісті. Сот үкімі заңды күшіне енді.

JQ-Aqparat

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі