
Нәрестені аяусыз ұрған әйелдің кім екені анықталды. Еске салсақ, таяуда желіде аяусыз нәрестені ұрған атышулы видео пайда болған. «Әйелдің кім екені анықталды.
ҚазАқпарат хабарлағандай, оны ұстау бойынша іздеу жалғасуда. Алматы облысында 11 қарашада аталмыш фактіге сәйкес 140-бап 2-бөлім бойынша соталды тергеу басталды», — деп хабарлады ҚР ІІМ мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев. Instagram әлеуметтік желісінде әйелдің баланы ұрып жатқан видеожазба тарады. Кадрда әйел диванда отырып, бір жасқа да толмаған нәрестені ұрып жатқаны анық көрінеді. Ол «аузыңды жап» деп айғайлап, баланы басынан, бетінен аяусыз ұруда. Бұл әйелдің Алматы тұрғыны екенін бірнеше пікір білдірушілер жазған болатын. Видеоны 8 жасар қыз түсірген. Қазір ол әйелдің қайда екені белгісіз. «8 жасар қыз анасы жұмыста болған кезде видеоға түсіріп алған. Оны іздедік, ола басқа жерге көшіп кеткен, оның қайда екенін ешкім білмейді. Бізді баланың тағдыры алаңдатады. Оның эмигрант екені белгілі болды. Өзі 8 айлық жүкті екен. Баланың тағдырына алаңдайтындар болса, бізге оны іздеуге көмектесуді сұраймыз», — деп жазды әлеуметтік желі пайдаланушы.
https://www.instagram.com/p/BMqPkZyATXf/?taken-by=club_dobryakov_almaty