jasqazaq.kz

«Аталар аманатына адалмыз» акциясы өтті

27 мамыр 2023, 18:10

Астанада «Аталар аманатына адалмыз» атты әскери-патриоттық акция болып өтті. Оған ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлері, қаладағы орта арнаулы білім беретін оқу орындарының студенттері қатысты. Студент-жастар қазақ жерінде жасақталып, Екінші дүниежүзілік соғысына қатысқан дивизиялар мен құрамалардың жауынгерлік жолдары туралы, өздерін өшпес даңққа бөлеген сол дивизиялардың сарбаздары, яғни ата-бабалары туралы баяндамалар жасады. Мысалы, «Даналық» жоғары медициналық колледжі 101-ші атқыштар дивизиясының тарихына зерттеу жасап, соның барысында тіпті осы құрамның қайтыс болды деп есептеліп келген тірі жауынгерінің аты-жөнін анықтады.


Аталған шараның аясында қазақстандық «Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігі Беларусь Республикасының «Продвижение молодёжи» республикалық шығармашыл жастар қоғамдық бірлестігімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Тараптар осындай ынтымақтастық қажет деп санайды және аталардың ортақ ерлігі туралы жарқын естелік екі елдің ұрпақтары арасында берік дәнекер болатынына сенімді. Сондай-ақ, жастарды әскери-патриоттық рухта тәрбиелеумен қатар оларды далалық іздестіру жұмыстарына бірлесе тартуды көздеп отыр.
ҚР Қарулы Күштерінің ардагері генерал-майор Марат Нағұманов атап өткендей фашистік-герман әскерлері басып кірген күні Белорусь елін қазақ жауынгерлері алғашқылардың қатарында қорғады. Соңғы мәліметтер бойынша, Беларусь жерінде 2,5 мыңнан астам қазақстандық соғысқан. Олардың 84-і Кеңес Одағының Батыры атанды. Брест қамалын 635 отандасымыз қорғады. Батырларды еске алу мақсатында Минскіде «Қазақ жауынгерлеріне» атты ескерткіш орнатылған.


«Atamnyn Amanaty» үкіметтік емес ұйымы қазір елордадағы 15 колледжмен ынтымақтастық орнатып, солармен белсенді жұмыс жасауда. Сонымен қатар, Қорғаныс министрлігіне қарасты Әскери-техникалық мектептермен де тиісті меморандумға қол қойылған. Өткен жылы олар шайқас болған жерлерде далалық қазба жұмыстарына қатысты. Биылғы жазда курсанттардың бір тобы тағы да Ақтөбеде жасақталған 312-атқыштар дивизиясы кескілескен ұрыстар жүргізіген Калуга облысына барып, майдан даласында іздестіру жұмыстарын жүргізеді.
Айта кетейік, «Atamnyn Amanaty» ұйымының атына айналдырған төрт жыл ішінде Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде хабарсыз кеткен сарбаздарды іздестіруге 7 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Бүгінде 2,2 мыңнан астам қазақ жауынгерінің жеке басы мен жерленген жерлері анықталды. Соның ішінде 14 жауынгердің сүйегі туған жерге жеткізіліп, үлкен әскери құрметпен қайта жерленді.
Жақында осы ұйым елімізден тысқары Ресей, Украина, Беларусь, Польша, Норвегия және тағы басқа мемлекеттерде жерленген 17 мың қазақстандық сарбаздардың аты-жөндері жазылған тізімді жариялады. «Өлі риза болмай тірі байымайды» дейді қазақ. Енеше сол боздақтардың туған-туыстарын табу «Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігінің алдындағы зор және игілікті міндеттердің бірі.

Абзал Ибрагим

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі