jasqazaq.kz

Ата заңға қандай нормалар енгізілетінін референдум шешеді

26 қантар, 13:33

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның екінші отырысында Сенат депутаты Нұрлан Бекназаров бір палаталы Парламентке көшу Ата заңның бірнеше бабының күшін жоятынын айтты, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Нұрлан Бекназаров: «Бір палаталы Парламентке өтуге байланысты Конституциядағы Парламент бөлімінің бірқатар бабына оның құрылуы, сайлануы, құзыреттік өкілеттігі, заң қабылдау процестері мен құрамына қатысты маңызды өзгерістер енгізу көзделген. Бірқатар баптың тұтастай алынып тасталуы да айқындалып отыр», — деді.

Құрылтай еліміздің заң шығару билігін жүзеге асыратын ең жоғары өкілді билік органы болып бекітілмек.

«Құрылтайдың өкілеттілігі оның бірінші сессиясы ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған Құрылтайдың бірінші сессиясының жұмысы басталған кезде аяқталады. Құрылтайдың өкілеттігі Конституцияда көзделген жағдайларда және тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін. Құрылтайдың ұйымдастырылуы мен қызметі, оның депутаттарының құқықтық жағдайы Конституциялық заңда айқындалады. Ұсыныстарға сәйкес, Құрылтай Конституциялық заңдарда белгіленген тәртіппен біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша пропорционалды өкілдік ету жүйесі негізінде сайланатын 145 депутаттан жасақталады. Құрылтай депутаттарының кезекті сайлауын жұмыс істеп тұрған шақырылым өкілеттігінің мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын өткізу көзделген. Ал кезектен тыс сайлау Құрылтай өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылғаннан күннен бастап екі ай мерзім ішінде өткізіледі. Қазақстан Республикасының азаматтығы бар, оның аумағында соңғы 10 жылда тұрақты тұрып жатқан, 25 жасқа толған тұлға Құрылтай депутаты бола алады деп ұсынылып отыр. Құрылтай депутаттығына кандидаттарға қосымша талаптар жеке Конституциялық заңда белгіленеді», — деді Нұрлан Бекназаров.

Дегенмен осы айтылған нормалар әзірге ұсыныс екенін ескерген жөн. Ата заңға қандай нормалар енгізілетінін референдум шешеді.

JQ-Aqparat

Сурет: bureau.kz

 

12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті