jasqazaq.kz

Ата-ананы Алла баласымен сынамасын

22 маусым 2023, 9:52

Әлеуметтік желіге Нұртас Айдарбеков заң бұзып, елді дүрліктірген әнші Төреғали Төреәліге қатысты жазба қалдырыпты.
«Айналайын ағайын! Сөге жамандамаңыздар. Ата менен ана баланың өзін туғанымен мінезін тумайды. Айтыңыздаршы, қай ата-ана балам жаман болсын деп тәрбие береді екен? “Қой ақсағымен мың” деген қазақ. Төреғали жаман дегенде бізге жақсысын кім береді? Барымызды түзеп, жолға салуымыз керек, ағайын. Мен сіздерді жақсы түсінемін, сіздер де бүгінгі жағдайға түсіністікпен қарасаңыздар екен деген мендегі ниет. Онсыз да бұл бала өзіне тиесілі Алланың жазғанын көріп жатыр. Жығылғанға жұдырық деп, онсыз да езіліп отырған ата-анасының жүрегіне сызат салудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Ағайын, ертең қай-қайсымыздың болса да алдымызда не күтіп тұрғаны бір Аллаға мәлім. Ата-ананы Алла баласымен сынамасын”, – деп жазды ол
Оның бұл сөзінен кейін желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді.
“Сүрінген мен бүлінгенді сөз етпе, мен де тұрмын, сен де тұрсың кезекте”, “Адамның бәрі жаңылысады”, “Төреғалидің аман-есен отбасына, балаларына, ата-анасына оралуын тілейміз”, “Мұндай жағдай бірінші рет болып тұрған жоқ”, “Әріптестері де, адвокаттары араша түсіп жатыр. Қарындасы да халық аузын жаппақ. Ал ата-анасы мен өзінің еш айтары жоқ па екен?”, “Егер сол күні адам қағып өлтірсе, осындай жазба жариялайсың ба?”, – деп жарыса жазды желідегілер.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі