jasqazaq.kz

«Ата-анамнан айырған адамдардың қатаң жазалануын сұраймын»

25 сәуiр 2024, 14:53

Алматыда күзде болған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы өтіп жатыр. Бішімбаев соты сияқты оны да тікелей эфирден көруге болады.

Еске түсірсек, сол апаттың кесірінен үш адам мерт болған еді. Бүгін ата-анасынан қапыда айрылған жәбірленуші автобус жүргізушісінің де кінәлі екенін айтып, айыпталушы Ахметжановтың қатаң жазалануын талап етті.

«Бір күнде әкемнен де анамнан да айрылып қалдым. Мұндайды жауыма да тілемеймін. Ата-анамның өмірден өтуіне себепші болған, оған қатысы бар адамдардың тиесілі жазасын алуын сұраймын. Кеше бейнебақылаудан да көрдік. Сотталушының көпірдің үстінен тоқта деп айтпағанын көрдік. Ол жерде жүргізушінің екі аялдамада есікті ашпай, ақыны төле деп талап еткенін байқауға болады. Бұл жағдайға екі адамның да кінәсі бар. Тергеуші бізге «адвокат жалдамаңдар, барлығы жазасын алады» деді, соған сеніп қалдық. Соттан барлығы әділ шешілгенін қалаймын. Бұл жерде Ахметжанов пен жүргізушінің де кінәсі бар. Мен бұл кісілерді кешіре алмаймын. Сотталушы Ахметжановтың қатаң жазалануын сұраймын, – деді жас жігіт.

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі