jasqazaq.kz

Асxат Тарғынмен төбелескен асаба жанжал туралы айтып берді

28 қыркүйек 2016, 14:41

parao

Қазақстандық белгілі әнші Асхат Тарғынов той үстінде төбелес шығарды.

Youtube желісінде жарияланған видеода асаба мен қазақстандық әнші Асхат Тарғын арасында болған төбелестің видеосы жарияланған. Видеоны Желіге жүктеген Рауан Әбілғазин есімді қолданушы: «Чип-Чип әнін орындаушы Асхат Тарғынов тойдың үстінде төбелес шығарды. Ол әнші Айбек Қоңырбаевты соққы астына алды» — деп жазған видеоның астында. Әзірге видеоны көп адам қарап үлгермеген.

Осы оқиғаның басты кейіпкерінің бірі асаба әрі әнші Айбек Қоңырбаевтың айтуынша бұл оқиға 21 қыркүйекте Алматы қаласының бір мейрамханасында үйлену тойы кезінде болған және ешқандай да қолдан жасалған дүние емес. «Бекітілген бағдарлама бар, менің басқаруыма қарап отырған той иелері бар. Асхат Тарғын өзі кешігіп келіп, менің ән айтуым керек деп бас салды. Менің намысыма тигеннен соң, мен оны кеудесінен итеріп жібердім. Әрі қарай тойды жүргізейін деп жалғастырып жатқанымда, ол келіп мені құлатып салды. Сыртқа шығып тағы сөйлестік. Біреудің тойын әдейі бүлдірейін деген ойым жоқ», — дейді Айбек. Қазіргі уақытта қарым-қатынастарыңыз қандай деген сұраққа ол «сол күннен кейін хабарласқан жоқпыз» деп жауап берді.

kaz.tengrinews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде