jasqazaq.kz

Астананың сол жағалауында көпқабатты үйден өрт шығып, үш бала ауруханаға түсті

28 наурыз 2025, 15:04

Фото: freepik.com
Астанада көпқабатты тұрғын үйдің электр қалқаны жанып, салдарынан үш бала зардап шекті. Қазір олар ауруханада жатыр, бір баланың жағдайы ауыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Төтенше жағдай бүгін түнде Мәңгілік ел даңғылындағы тоғыз қабатты тұрғын үйде болған. Үйдің кіреберісіндегі электр қалқанында сымдар өртенген. Өрт сөндірушілер көпқабатты үйден 50 адамды, соның ішінде 18 баланы эвакуациялады. Алайда үш бала өрттен зардап шеккен, олар №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасына жатқызылды.

«15 жастағы жасөспірімнің жағдайы ауыр. Қазір ол анестезиология, реанимация және интенсивті терапия бөлімшесінде, қажетті ем-дом көрсетіліп жатыр. Ал 10 және 11 жастағы балалар күрделі соматика бөлімшесіне жатқызылды. Балалардың жағдайы тұрақты. Медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп жатыр», — деп мәлімдеді Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі