jasqazaq.kz

Астананың бұрынғы полицейлері пара алғанына өкінді

14 шiлде 2016, 15:50

20160714113357

Астана қаласы ішкі істер органдарындағы әрбір бесінші жемқорлық қылмысты жол полицейлері жасаған. Бұл туралы жемқорлыққа қарсы қызмет ұйымдастырған профилактикалық дәріс кезінде айтылды.

Жол полициясының жеке құрамына пара алғаны үшін ұсталып, қазір жазаларын өтеп жатқан тәртіп сақшылары жайлы видеоролик көрсетілді. Соның ішінде елордалық полицияның бұрынғы қызметкерлері Д.Еділов пен Б.Спановтың өкінгені көрсетілді.

«Астана қаласы ішкі істер органдарындағы әрбір бесінші жемқорлық қылмысты жол полицейлері жасаған. Көп жағдайда олар пара алғаны және қызметін асыра пайдаланғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады», — деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар ұлттық бюросының баспасөз қызметінен.

Сонымен қатар ҚР ІІМ құрылымдық және аумақтық құрылымдарының басшылары жасаған қылмыстардан мысалдар келтірілді.

Ұлттық бюро төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев жол полицейлері қатарында кез келген жемқорлық әрекеттерге абсолютты төзімсіздік ортасын қалыптастыру керек екенін айтты.

Сонымен қатар жемқорлыққа қарсы қызмет қытайлық тәжірибе бойынша жол полицейлері үшін түрмеге «экскурсия» ұйымдастыруды ұсынды.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде