jasqazaq.kz

Астаналықтар ауызсуға зәру болмас үшін

02 мамыр 2023, 11:43

Бүгін Үкімет отырысында экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова елордаға тұрақты су беру үшін әкімдікпен бірлесіп, 3 жобаны қарастырып жатқанын айтты.
«Ең алдымен, «Астана су қоймасын толықтыру үшін құрылыстар салу» жобасы бойынша жобалау-сметалық құжаттама (ЖСҚ) әзірленуде. Жоба Қ. Сәтбаев атындағы арнадан Есіл өзенінің арнасына дейін өткізу саласын тазартып, қалпына келтіріп, одан Астана су арнасы сорғы станциясына дейін тіреуіш қоршау мен су құбырын салып, арнаға су беруді қамтиды. Құрылыс 2023-2025 жылдары аяқталады деп болжануда. Бұл жоба су аз жылдары Қаныш Сәтбаев арнасынан Астана су қоймасына шамамен 62,3 млн текше метр қосымша су беруге ықпал етеді», — деді Экология министрі.
Екінші жоба – Астана қаласын сумен жабдықтаудың резервтік көзі ретінде 67 км су құбырын салу арқылы Нұра жерасты сулары кен орнын пайдалану. Ол бойынша техникалық-экономикалық негіздемені түзету қажет. Мерзімнің өтуіне байланысты кейін ЖСҚ әзірлеп, бұл жұмысты Астана қаласының әкімдігі жүргізетін болады. Сараптаманың оң қорытындысы ұсынылған жағдайда, министрлік жобаны одан әрі іске асырады.
«Үшіншіден, Қ. Сәтбаев арнасынан Астана қаласының ҰФС-4-ке дейін су құбырын салу қажет. Бұл жоба елорданы одан әрі ұзақ мерзімді даму перспективасы мен халық санының ұлғаюын ескере отырып, қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осылайша, елорданы сумен қамтамасыз етуге қажет шаралардың қысқа мерзімді кешені резервтік жерасты көзін жүргізуді, Қ. Сәтбаев арнасынан су құбырын салуды қамтиды», — деді З. Сүлейменова. Астаналықтар да кейде ауызсудың тапшылығын сезінеді. Сондықтан да министрлік биыл су мөлшерінің аздығы мен одан кейінгі су тапшылығын ескере отырып, Қ. Сәтбаев арнасынан Есіл өзені бойынша шамамен 60 млн текше метр, Нұра өзені бойынша шамамен 95 млн текше метр қосымша су беру туралы бірлескен шешім қабылданғанын жеткізді.
Астана су қоймасының түбін шамамен 47 млн текше метр көлемінде түптік шөгінділерден тазарту қажет. Қазіргі уақытта Астана су қоймасын толтыру жобалық 410 млн текше метрден 334 млн текше метрді құрайды.

JQ-Aqparat

18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного города в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции
18 маусым, 14:05
В Туркестанской области планируется ввести в эксплуатацию 58 социальных объектов
17 маусым, 18:15
«Күніне 13-14 сағат телефонға телмірдім". Балалар номофобия шырмауында
17 маусым, 17:41
«Тәрбие басы – әке қолында»: Алматыда отбасы құндылықтарына арналған форум өтті
17 маусым, 15:44
В Туркестанской области активно ведется цифровизация таможенной сферы
17 маусым, 13:59
В Сарыагашском районе активно развивается социальная инфраструктура