jasqazaq.kz

Астаналық волонтерлер игі істің басы-қасында

05 желтоқсан 2023, 20:27


Елордада еріктілер қайырымдылық, қауіпсіздік және көмек көрсету бойынша көптеген шараларды іске асырып жатыр. Бұған «Астана Жастары» жастар ресурстық орталығы(ЖРО) базасында жұмыс істеп жатқан Қалалық волонтерлер штабы ұйытқы болып отыр. Осы штабтың аясында белсенді 40 волонтерлік және қайырымдылық ұйымымен ынтымақтастық орнатылған. Онда 5 мыңнан астам волонтер белсенді түрде еңбек етуде.


Халықаралық волонтерлер күні қарсаңында Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қалалық Жастар саясаты ісі жөніндегі басқарма басшысының міндетін атқарушы Бағдат Атымтай осы ұйымдардың жұмысы туралы баяндады.
Бүгінге дейін қалада волонтерлік ұйымдармен бірлесіп, «BizBirgemiz», «Қауіпсіз қала», «Адреса заботы», «Ардагерлерді ардақтайық», «Taza Alem» және басқа да жобалар аясында 780 акция ұйымдастырылды. 4 мың азық-түлік себеті мен ыстық тамақ тамақ жеткізу, киім-кешек пен жиһаз тарату, білім беру, адам іздестіру сияқты көмек көрсетілді. Қыс кезінде қала кәсіпорындарымен бірге қар тазалау қолға алынды. Атап айтқанда, Астанада «Адреса заботы», жобасы аясында аулаларды қардан тазалауға арналған 50 акция өткізілді. Еріктілер қыс кезінде зейнеткерлерге барып көмек береді. Акцияға жыл сайын 1000 волонтер қатысады.
Бағдат Атымтайдың айтуынша, «Астана Жастары» ЖРО жыл сайын волонтерліктің өрісін кеңейтіп келеді. Атап айтқанда, биыл волонтерлер «Қауіпсіз қала» жобасы шеңберінде тұрғындарға халық санағын жүргізу бойынша түсіндіру, газдандыру, жылыту маусымы, көктемгі су тасқыны кезіндегі қауіпсіздік, суға түсу ережелеріне қатысты құлақтандыру, тыйым салынған заттардың жарнамасын бояу сияқты жұмыстарға атсалысты. Бұған қоса, олар референдум және Қазақстан Президентін кезектен тыс сайлау кезінде сайлау учаскелеріне көмек көрсетті.


Ал «Taza Alem» жобасы аясында 40 эко-сенбілік өткізілді. Соның ішінде 5 іс-шара барысында 4 мың волонтер Есіл өзені мен су қоймасы жағалауын қоқыстан тазалады.
Волонтерлер, сондай-ақ, қалалық және халықаралық іс-шараларға – форум, концерт, спорт сайыстарына аудармашы, ұйымдастырушы, үйлестіруші, тим-лидер, аниматор, допингке қарсы бақылау жүргізуші, фото-видео түсіруші ретінде белсенді түрде қатысады. Олар осындай 140 іс-шараға атсалысты.
Қалада тұрақты түрде 50 волонтерлік ұйым мен қозғалыс жұмыс істейді. Олардың 17-і бала тәрбиелеп отырған отбасыларға және мүмкіндігі шектеулі жастарға қол ұшын созады.
Бағдат Атымтай брифингте «Астанадағы азаматтардың белсенділігінің бір көрінісі ретінде «Күміс волонтерлерді» айтқан жөн. Жасы 50-ге толған осы еріктілер қоғамның дамуына жан-жақты атсалысып жүр. «Күміс волонтерлер» қатарында қазір 60 азамат бар» деді.

JQ-Aqparat

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық