jasqazaq.kz

Астаналық әйел балаларын сериалға түсіремін деген алаяққа алданды

14 желтоқсан 2023, 11:14

Елордада балаларын фильмге түсірмек болған ана алаяқтың құрбаны болды. Polisia.kz хабарлағандай, қала тұрғыны полицияға арызбен жүгініп, белгісіз адамның тарапынан алаяқтық әрекеттердің құрбаны болғанын және ақшасынан айырылғанын айтып арызданған. Тергеу барысында әйел WhatsApp мессенджерінің чатынан ер адам белгілі бір сомадағы ақшаға телехикаяда роль ұсынғаны туралы хабарландыруын көрген. Оның уәделеріне қызығып, әйел оған 600 мың теңге жіберіп, балалары кинода роль алады деп үміттенген. Бірақ күдіктінің уәделері екі айға созылып, осы уақыт ішінде ол түрлі сылтау айтқан. Телехикая ролінде ойнауды күте-күте жалыққан әйел полицияға жүгінген. «Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде Байқоңыр ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері қаланың 22 жастағы тұрғынын анықтады. Оның елорда аумағында жасалған алаяқтықтың үш эпизодына қатысы бар екені анықталған. Қазіргі уақытта оның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр», — делінген полиция хабарында. Аталған фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ол өз ісін мойындағаны айтылады.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі