jasqazaq.kz

Астанадан келген қонақ ауыл келініне риза болғаннан еңкілдеп жылады (видео)

02 мамыр 2017, 10:48

Сәлем салу – қазақтың ұлттық болмысына тән дәстүр. Дегенмен санаға, салтқа сіңген қазақы сәлемдесу үрдісі соңғы уақытта ұмытылып барады. Тіпті кей өңірлерде бұл дәстүрге беташардағы жөн-жоралғы ретінде ғана қарайтыны жасырын емес. Белгілі ұстаз Әбдуғаппар Смановтың уағыздарының бірінде осы мәселе орынды көтерілген екен.

«Бір күні Астанадан келген қонақтармен бірге ауыл арасынан көлікпен өтіп бара жаттық. Бізге қарсы келе жатқан келіншек шетке шығып тұрды да үш рет сәлем салды. Көлікте үш адам едік. Сонда Астанадан келген кісі: «Тоқта!», — деді. Кілт тоқтадым. «Мына қызға бір бата беріп кетейікші» деді. Жылап дұға қылды. Ана кісі өзін ұстай алмады. Мен қайран қалдым. «Өссін, өнсін, ұрпағы көп болсын!» деп қайталап жатты. «Не болды, аға?» десем, «Анам есіме түсті. Біздің аналарымыз қайын атасына, қайын ағасына сәлем салып, олардың жолын кеспеуші еді. Бірақ қазір ондай келіндер азайып кетті, сіздердің ауылдарыңызда бар екен, ауылдарыңызда әлі бірлік, ынтымақ бар бар екен», — деді.

Ақиқатында да қазақтың келіні еріне тік қарамаған! Қазақтың келіні еркектің жолын кеспеген! Қазақтың келіні ақылды, ибалы болған».

https://youtu.be/ZXgUtg5trRY

Baq.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде