jasqazaq.kz

Астанадағы жиын пунктінің жұмысымен танысты

15 мамыр 2023, 14:14

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, елімізді қорғаныс қабілетін нығайту, азаматтарды Отан алдындағы борышын өтеуге сапалы дайындау бағытында Астана әкімдігі бірқатар жұмыстар атқаруда. Мысалы, елордалық жастарды әскер қатарына салтанатты түрде шығарып салу және қарсы алу игі дәстүрге айналды. Жақында Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Бекмұрзаев пен Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Мұхамеджан Таласов қалалық жиын пунктінің жұмысымен танысты.

Жиын пунктінің тыныс-тіршілігі жайлы Астана қаласы Қорғаныс істері департаментінің бастығы подполковник Медет Тұрыскелдиев баяндады:

«Бұрын қалалық жиын пункті А.Затаевич көшесінде 1955 жылы салынған екі қабатты көлемі 1 938 шаршы метр ғимаратқа орналасқан болатын. Онда 2 аудандық әскерге шақыру комиссиясы ғана жұмыс істейтін. Сонымен қатар, әскерге шақырылушыларды емханаға анализдер мен қосымша тереңдетілген медициналық тексеруден өткізу үшін оларды көлікпен тасымалдауымызға тура келетін. Бұл қосымша көлік шығындары мен уақытты қажет ететін. Қазір Жиын пункті жаңа ғимаратқа көшірілді. Заманауи талаптарға сай, еңселі, 2014 жылы салынған алты қабатты жалпы көлемі 4 080 шаршы метрді құрайтын ғимараттың әр қабатына бір-бірден Алматы, Сарыарқа, Байқоңыр аудандары мен Қалалық бақылау медициналық шақыру комиссияларын, әскерге шақырылушыларды жатқызатын казарманы орналастырдық. Осы 2, 3, 4 қабаттағы аудандық шақыру комиссияларындағы барлық тексерістен өткен соң, әскери қызметке жарамды деп танылғандары Қалалық Жиын пункті орналасқан 5-6 қабатқа көтеріледі. Азаматтар үш күн ішінде әскери бөлім өкілдерімен зерделеніп, әскерге аттанады. Оларға арналған тамақтану орыны 1 қабатта ораналасқан. Қазір әскерге шақыру науқаны сәйкесінше өтіп жатыр. Ал әскерге шақыру науқанында шақырылатын азаматтарды қосымша тереңдетілген дәрігерлік тексерден өткізу және анализ тапсыру үшін бұрынғыдай тасымалдаудың қажеттілігі жоқ, себебі емхана көрші ғимаратта орналасқан. Сонымен бірге биыл Астана қаласы әкімдігі қосымша қазметтік көліктермен де қамтамассыз етуіне қол жеткізіп отырмыз».

Қонақтар ғимараттың әр қабатында орналасқан арнайы қызметтік және дәрігерлік комиссия бөлмелеріне кіріп, медициналық құрал-саймандармен және қажетті мүліктермен жабдықталуымен танысты. Дәрігерлік комиссия мамандарымен әскерге шақырылатын азаматтардың денсаулық жағдайы, қолданылатын методикалар мен жаңа медициналық құралдардың жұмысы туралы мәселелер талқылады.

«Ағымдағы жылғы 30 маусымға дейін Астана қаласынан Қарулы Күштер мен әскери құрылымдарға 1 040 азамат жолдануы қажет болатын болса, бүгінде оның жартысын дәрігерлік сараптаманың қорытындысы бойынша жарамды азаматтардан құралған жас толым командаларын жасақтап, мерзімді әскери қызметке жөнелттік. Медициналық тексеріс барысында жастар арасында көз ауруы жиі анықталады. Былтырғы нәтижеге қарағанда көз аурулары көбейді деп айта аламыз. Жастар салауатты өмір салтын ұстамайды, сол себепті салмағы көп немесе аз жігіттер кездесіп жатады. Денсаулығында кінарат табылған жастар әскерге жіберілмейді. Дегенмен соңғы бес жылдық көрсеткіштерді салыстырсақ, әскерге баратын балалардың денсаулығы жақсы, оңалды деп айтуға болады» — деді «Алматы» ауданының әскерге шақыру медициналық комиссиясының төрағасы, терапевт-дәрігер Гүлнәр Бүтінбаева.
Жалпы дәрігерлік комиссияның заманауи жабдықталуы әскерге шақырылатын азаматтардың денсаулығын жіті тексеруге аса көңіл аударылып отырғанын дәлелдейді. Қалалық әскерге шақыру дәрігерлік комиссиясының төрайымы Сауле Нұрашева биылғы жылы дәрігерлік бөлмелерді ультрадыбыстық зерттеу аппараты және эхознцефалографпен қосымша жабдықтау жоспарланып отырғанын мәлімдеді.

«Жаңа ғимаратта заңнама талаптарына сәйкес, әскерге шақырылған жастарға алғашқы зерделеу және медициналық тексеріс жүргізу үшін барлық жағдай жасалған. Жалпы барлық медициналық шақыру комиссияларын қоса алғанда бір күнде 180 адамды қабылдай аламыз. Қызметтік бөлмелер мен ғимаратты қосымша әрлендіру үшін де қаражат бөлінетін болады» — деп мәлімдеді Астана қаласы Жұмылдыру даярлығы мен аумақтық қорғаныс басқармасының бастығы Руслан Бешеев.

Елордадағы Жиын пункті әскерге шақырушыларға арналған казарма, тамақтану орны, процедуралық, функционалдық диагностика мен анализ алу кабинеттері бір ғимаратқа шоғырландырылған және қосымша тереңдетілген дәрігерлік тесеруден өткізу үшін емханамен көршілес орналасқан Қазақстандағы жалғыз пункт болып табылады.
Танысу барысында Астана қаласы әкімінің орынбасары Е. Бекмұрзаев пен генерал-лейтенант М.Таласов жиын пунктінде мерзімді әскери қызметке аттануға дайындалып жатқан жастармен кездесті. Оларға әскери қызмет атқарғандарға берілетін қосымша жеңілдіктер туралы айтып, қызметтеріне абырой мен табыс тіледі.

Абзал Ибрагим

Бүгін, 15:53
Ерғали Көшеке: Алматы облысында дінаралық татулық – тұрақтылық кепілі
Бүгін, 14:15
Бижан Анарбеков: Расширение сферы применения государственного языка — наша общая задача
Бүгін, 14:13
Туркестан: Продолжается модернизация систем электроснабжения и уличного освещения
Бүгін, 14:11
В Туркестанской области продолжается модернизация систем водоснабжения
Бүгін, 14:06
Туркестан: В Сайрамском районе развивается промышленное производство
Бүгін, 13:44
Түркістан Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ұсынылды
Бүгін, 12:56
Туркестан: Активно реализуются проекты по развитию социальной инфраструктуры
Бүгін, 12:54
В Туркестанской области растёт объём высокотехнологичной медицинской помощи
13 мамыр, 18:38
Туркестан: «Келешек мектептері» - школа нового формата