jasqazaq.kz

Астанадағы «Qala Qyzmet» айына 20 мың адамға қызмет көрсетеді

16 мамыр 2023, 16:48

Жыл басынан «Qala Qyzmet» арқылы елордада 90 мыңнан астам қызмет көрсетілді. Бұл туралы Астана қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығының басшысы Асқар Тақсымов айтты.

«2019 жылдың жарты жылдығында 3 701 қызмет, 2020 жылы – 69 560, 2021 жылы – 148 586, 2022 жылы 170 мыңнан астам қызмет, 2023 жылы 90 мыңнан астам қызмет көрсетілді. Бүгінде біздің орталық жеке және заңды тұлғаларға түрлі ұйымдар бойынша 146 қызмет ұсынады. Сондай-ақ аудан әкімдіктеріндегі «Qala Qyzmet» фронт-кеңселеріне айына 2000-2500 адам келеді. Портал айына 17 000 — 20 000 адамға қызмет көрсетеді», — деді Асқар Тақсымов.

Биылдан бастап халыққа коммуналдық қызмет көрсету саласындағы функцияларды оңтайландыру мақсатында «iKOMEK» орталығы мен «Qala Qyzmet» жобасы біріктірілді.

Айта кетейік, «Qala Qyzmet» — Астана тұрғындарының әкімдікпен және коммуналдық қызметтер саласындағы мекемелермен өзара іс-қимылын үйлестіретін жоба. Ол арқылы тұрғындар уақытылы шығарылмаған қоқыс, су, жылу, электр энергиясы және туындаған өзге де мәселелер бойынша шағым жолдай алады.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі