jasqazaq.kz

Астанадағы автобус паркі 8 жасар Алуаға өмір бойына қаржылық көмек көрсете алмайтынын мәлімдеді

12 маусым 2025, 12:46

Астанадағы автобус апатынан кейін екі аяғынан айрылған сегіз жастағы Алуаға №1 автобус паркі өмір бойы көмек көрсететіні туралы ақпарат шындыққа жанаспайтын болып шықты, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Бүгін №1 автобус паркі осыған қатысты түсінік берді.
Хабарламада: «№1 автобус паркі жол апатынан ауыр жарақат алған Алуа Бекеннің отбасына жан-жақты қолдау білдіреді. Біз отбасының жағдайына шын жүректен алаңдаймыз және алғашқы күннен бастап байланыстамыз. №1 автобус паркінің басшысы Мадияр Тұқпатов пен Алуаның туыстары арасындағы жеке кездесуде моральдық қолдау көрсетіліп, заң аясында көмектесуге дайын екеніміз айтылды. Алайда мемлекеттік кәсіпорын ретінде №1 Автобус паркі заңда бекітілген рәсімдерсіз өмір бойына қаржылық көмек көрсетуге уәкілетті емес екенін атап өтеміз», — делінген.
Парк басшылығының айтуынша, төлемдер мен қосымша көмек тергеу мен сот шешімінен кейін заңға сәйкес беріледі.

JQ-Aqparat

Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы