jasqazaq.kz

Астанада жолаушы таксиден 9 миллион теңгесі бар сөмкені ұрлап кетті (Видео)

23 қараша 2023, 14:50
Фото: polisia.kz

Астаналық жолаушы көліктен 9 млн теңгесі бар сөмкені ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Нұра ауданының полиция басқармасына жеке такси жүргізушісі жүгініп, 9 млн теңге сомасында ақшалай қаражаты бар сөмкенің жоғалғаны туралы хабарлаған. Ер адамның айтуынша, ол адамдарды тасу арқылы қосымша ақша табу үшін досының Toyota Camry автокөлігін алып отырған. Әдеттегідей көлікті алып, жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын күні күні ол, досы ұмытып кеткен, ішінде ақшасы бар рюкзактың салонда жатқанын білмеген. Бір түнде такси салонына 17 адамның отырғаны анықталды. Қиын әрі мұқият жұмыс барысында полицейлер жолаушыларды жеткізген барлық мекенжайларды анықтады. Бейнекамераларды қарау барысында қолында жоғалған сөмкені ұстаған ер адам байқалды. Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде полиция қызметкерлері 30 жастағы жолаушыны анықтады, ол түнде такси салонында жолаушылар орындығынан рюкзакты көріп қалған. Керек мекенжайға жеткенде, күдікті өзімен бірге бөтеннің мүлкін алып кеткен. Қазіргі уақытта жолаушыға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от JAS QAZAQ (@jasqazaqkz)

 

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі