jasqazaq.kz

Астанада келіншек жігіттердің тепкісінен өлді

17 қыркүйек 2016, 16:31

Қайғылы жағдай 7-тамызда кешқұрым уақытта орын алған.

38 жастағы астаналық келіншек автотұрақта тепкінің астында қалып, өліп кетті деп хабарлады NewTimes.kz.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, қайғылы оқиға 7-тамызда кешқұрым уақытта болған. Ол кезде марқұм келіншек көлігін автотұраққа қойып жатқан. Сол кезде ол арада болған бір топ еркекке оның көлік қойысы ұнамапты. Сөйтіп олар келіншекке ескерту жасайды. Осылайша қос тарап сөзге келіп қалады. Оның ақыры төбелеске ұласады.

Жергілікті тұрғындар өлімші етіп сабаған келіншекті олар гараждың артындағы кісі аяғы баспайтын қуысқа апарып тастаған деп топшылайды. Таңертең 8-тамызда есі кіресілі-шығасылы келіншек сол арадан табылады.

Жедел жәрдем стансасындағылар марқұм әйелдің денесіндегі жарақаттар адам төзгісіз еді деп айтқан.

«Ол күн әлі есімде. Денесінің сау-тамтығы жоқ, көкала қойдай әйелді әкелдік. Ол әлі тірі болатын, бірақ алған жарақаттарының ауырлығы соншалықты, оны аман алып қалу мүмкін емес секілді көрінді. Біздің бригада жеткізген травматология және ортопедиология ғылыми-зерттеу орталығының ауруханасында ол кейіннен көз жұмыпты» дейді жедел жәрдем стансасының диспетчері.

Марқұм келіншектің артында екі баласы қалды.

«Шолпан» дүкеніндегі сатушының айтуынша, келіншектің өліміне әскерилер кінәлі көрінеді. Бір полковник пен бірнеше солдат туралы сыпсың сөз жүріпті. Ал Астана ішкі істер департаменті бұл қайғылы оқиғаға байланысты түсініктеме беруден бас тартқан.

Осы қылмыстық оқиғаға қатысы бар деген күдікпен Ақмола облысының 24 жасар тұрғыны қамауға алынды.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде