jasqazaq.kz

Астанада жел электр станциясына бөлінген ақшаны жымқырғандар сотталды

14 мамыр 2025, 16:02

Астанада экс-мəслихат депутаты А.Беленцева мен Д.Мергенбаевқа қатысты аса ірі мөлшерде ұрлық фактісі бойынша үкім шығарылды, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

ҚМА Телеграм-каналы жазғандай, тергеуді Астана қаласы бойынша ҚМА департаменті жүргізген.
2020 жылы сотталғандар ТОО «Олимп Транс Сервис» атынан 23,2 млрд теңгеге Ерейментау ауданында жел электр станциясын салуға шарт жасасқан.
Жалған шарттарды рәсімдеу арқылы олар ақшаны серіктес компаниялардың шоттарына аударып, кейіннен қолма-қол ақшаға айналдырған.

Соның нəтижесінде келтірілген залал көлемі 8,5 млрд теңгеден асты.

Соттың санкциясымен 13 млрд теңге тұратын мүлікке (зауыт, демалыс базасы, арнайы техника мен көлік құралдары) тыйым салынды.
Сот үкімімен Беленцева кінəлі деп танылып, оған 8 жыл 6 ай, Мергенбаевқа 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Бұдан бөлек, сот 8,5 млрд теңге көлеміндегі азаматтық талапты қанағаттандырды.
Азаматтық талапты орындау мәселесі қаралғанға дейін мүлікке салынған тыйым сақталады.

JQ-Aqparat

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі