jasqazaq.kz

Астанада жеңгетайлықпен айналысқандар ұсталды

18 наурыз 2017, 21:43

Елорда тәртіп сақшылары арнайы рейд барысында тәнін саудалайтындардың қызметін ұсынған 3 «жеңгетайды» ұстады.

Қазір қалада адам саудасы, жеңгетайлық, притондарды ұстау фактілері мен ақылы интимді қызмет көрсетумен айналысатындарды анықтау және жолын кесу, сонымен қатар есепке қою мақсатында «Стоп-Трафик» жедел алдын алу шарасы жүргізіліп жатыр. Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы қызметкерлері вокзал маңындағы үйлер мен көшелер, сауналар, көңіл көтеру орындары мен қонақ үйлер маңын тексерді. Жедел алдын алу шарасы барысында 36 тұлға, соның ішінде 3 «жеңгетай», 30 ақылы интимді қызмет көрсетумен айналысушы, 3 притонды ұстағандар анықталып, арнайы есепке қойылды. Қабылдап-тарату орнына Өзбекстан азаматшасы жеткізілді, ҚР ӘҚБтК-ның 450 бабы бойынша 3 әкімшілік хаттама толтырылған. Мәселен, «STOP трафик» жедел алдын алу шарасы кезінде Астана қаласы ІІД ҰҚКБ қызметкерлері саунаның клиентімен 19 жастағы қызды ақылы интимді қызмет көрсету үшін жолықтырып, жеңгетайлық жасағаны үшін сегіз мың теңге сомасында ақшалай сыйақы алған 20 жастағы сауна әкімшісін ұстады. Оған қоса, жеті мың теңге ақшалай сыйақы алып, саунаның клиентімен ақылы интимді қызмет көрсету үшін 23 жастағы қызды жолықтырған 24 жастағы сауна әкімшісі құрықталды. Қалалық ІІД-ге жеткізілгендер есепке алу бойынша тексеріліп, саусақ іздері алынып, олармен профилакикалық әңгіме жүргізілді.

ҚазАқпарат

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді