jasqazaq.kz

Астанада жалпықалалық сенбілік өтті

29 сәуiр 2023, 18:37


Бүгін ертерек оянған елордалықтар жалпыхалықтық сенбілік өтетін нүктелерге асығып, сол жерде бір адамдай жиналғасын игілікті іске жұмыла кірісіп кетті. Атап айтқанда, ұйымдар мен кәсіпорындардың ұжымдары өз аумағында ағаш отырғызып, қоқыс жинап, сондай-ақ су айдындарының жағаларын тазартумен айналысты.


Біздің жолымыз Астана қаласының орталығындағы Ботаникалық саябақ аймағына түсті. Бұл жерде де адам қарасы қалың екен. Кейбір ата-аналар өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге көрсетіп, өз балаларын да ерте келіпті. Соның бірі Ұлттық экономика министрлігінің қызметкері Ерік Жамбылов ұлы Әмірмен көше сыпырып, көшет отырғызып жүр.


Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Тимур Жақсылықовтың айтуынша бүгінгі сенбілікке ведомствоның бес жүзге жуық қызметкерлері қатысуда екен. Олардың еншісіне Ақмешіт көшесінен Тұркістан көшесіне дейінгі аралықты тазалап, ретке келтіру тиіпті.


Орынбор көшесінен Ботаникалық саябақтың ортасына дейінгі учаскеде Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері қызу жұмыс жасап жатыр. Мұнда да балаларын ерте келген ата-аналарды көзге шалынады.
Осы шара аясында 3 мыңнан астам ағаштар мен бұталар отырғызу жоспарланған. Бүгінгі сенбілікті бір сөзбен таза ауадағы шат көңіл, әзіл-күлкі мен риясыз атмосфера деп бейнелеуге болатын сияқты.


Жалпы дәстүрлі «Жасыл Астана» экологиялық айлығы осы жылдың 6 мамырына дейін жалғасады. Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, биылғы жылы қала аумағында 1 миллионнан астам жасыл желек, нақты айтқанда түрлі ағаш көшеттері мен көпжылдық гүлдер отырғызу жоспарланып отыр.

Абзал Ибрагим

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі