jasqazaq.kz

Астанада үй қызметшісі алтын бұйымдарды ұрлап кетіпті

15 қантар 2024, 10:37

Елордада үй қызметкері пәтерден алтын бұйымдарды ұрлап кеткен. Polisia.kz хабарлағандай, қала тұрғыны полицияға арызданып, пәтерден алтын әшекейлердің ұрланғаны туралы хабарлады.

Жақында ғана отбасында жұмыс істеген үй қызметкеріне бірден күдік болған. Кешкі уақытта 26 жасар қыз үй иелерінің болмағандығын пайдаланып, екі жұп алтын сырғаны және кулоны бар алтын алқаны иеленіп, 250 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтіргені анықталды. Ол ұрланған алтынды ломбардқа тапсырған, ал түскен ақшаны өз қалауы бойынша жұмсаған. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Нұра ауданының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері бойжеткенді анықтады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ол мойындау көрсетпелерін берді, заттай дәлелдемелер тәркіленді, оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі