Астанадағы дөнер сататын орындардың бірінде газды баллон жарылып кеткен, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құтқарушылардың айтуынша, оқиға 15 шілдеде шамамен сағат 12.30-да Бөгенбай батыр көшесінде болған. «Оқиға орнына келіп жеткен өрт сөндірушілердің бөлімшесі газды баллонның жарылып, кейіннен өрттің шыққанын анықтады. Өрт «Дархан» дәмханасының маңына салынған дөнер сататын орыннан шыққан. Жалын 10 шаршы метр ауданды шарпыған», — деп хабарлады Астана қалалық ТЖД баспасөз қызметіндегілер.
https://www.youtube.com/watch?v=T55Sx1ybMRs