jasqazaq.kz

Астанадағы байдың қалыңдығы не сұрайды?

01 ақпан 2017, 16:10

Астанадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде некесі қиылған қалыңдықтардың көбі «мәһр» яғни, жұбайынан сыйлық ретінде гауһар тасты алтын жүзік пен сырға, ал, ерінің қалтасы қалың қыздар пәтер немесе көлік сұрайды екен.

ҚазАқпарат хабарлағандай, бұл туралы «Әзірет Сұлтан» мешітінің бірінші наиб-имамы Қуат Ерғалиұлы айтып берді. «Шариғатта мәһір — некелесу барысында немесе кейін өтеу шартымен келісілген қалыңдыққа берілетін дүние-мүлік немесе ақша. Осыған орай еркек күнкөрістің қамымен сыртта жұмыс істеп дүние тапса, әйел көбіне үй шаруаларымен айналысқан. Осындай табиғи бөлістің нәтижесінде отбасын асырау отағасының мойнына жүктелген. Мәһір, нәпақа, үйге қажетті заттарды алу ер кісінің міндеті. Ханафи мәзһабы бойынша мәһірдің ең аз көлемі он дирхам (Пайғамбарымыздың кезінде бес дирхам құрбан шалуға татитын бір қойдың құнына тең болған.) Демек, екі қойдың құнындағы қаражат, яки мүлік», — деді алдымен шариғаттағы «мәһр» талабын түсіндірген наиб-имам. «Ал, мешітімізге неке қидыруға келген қалыңдықтар мен келіншектердің көпшілігі мәһр сыйлығына гауһар тасты алтын жүзік пен сырға сұрайды. Сонымен қатар, әлеуметтік жағдайы жақсылары автокөлік яки пәтер сұрайтындар да бар», — деді ол.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде