jasqazaq.kz

Астанада велосипед тіркеу басталды

19 мамыр 2023, 13:18

 

Елордада велосипед тіркеуге арналған арнайы база әзірленді. Бұл қаладағы велосипед ұрлығын болдырмауды көздейді. Жыл басынан бері Астана аумағында 106 велосипед ұрлығы тіркеліпті.

Баспасөз мәслихатында Астана қалалық Полиция департаменті жергілікті полиция басқармасының бастығы Арман Айтмағамбетов былай деді: «Полиция департаменті елорданың Орнықты даму орталығымен бірлесе отырып, велосипедтің нақты тұлғаға тиесілі болу фактісін растауға мүмкіндік беретін бірыңғай электрондық базаны әзірледі. Оған велосипедтің меншік иесі, тұрғылықты мекенжайы және ұялы телефоны жайлы мәліметтер, сондай-ақ оның сериялық нөмірі мен велосипедтің сыртқы айрықша белгі-сипаттамалары енгізіледі. Осы базаны әзірлеу кезінде біз шетелдік тәжірибені ескердік. Мәселен, Ұлыбританияда мұндай база 2004 жылдан бері жұмыс істеп келеді және тіркелген велосипедтердің саны 1 млн-нан асты. Оның көмегімен 12 мыңнан астам велосипед ұрлығы ашылды».

Тіркеу базасы 2 апта бұрын пилоттық негізде іске қосылған. Бүгінге дейін 40-қа жуық қала тұрғыны өз велосипеді туралы деректерді енгізген.

«Біз базаның көмегімен ұрланған мүлікті жедел табуды, оны иелеріне тез арада қайтаруды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, сіз өз велосипедіңізді басқа адамнан немесе хабарландыру сайттарынан тапсаңыз, оның нақты иесі өзіне тиесілі екенін растай алады. Осы жоба сәтті өтсе, онда мұны самокаттарға да қолданамыз», — деп түсіндірді Полиция департаментінің өкілі.

Астанадағы орнықты даму орталығының өкілі Виталий Пустовойтенконың мәліметінше, велосипед тіркеу қазір 2 мобильді қосымша арқылы жүргізіліп жатыр. Олар — Smart Astana және e-Knot. Осы қосымшаларға кіріп, «Қауіпсіздік» бөліміне өтіп, велосипедтерді тіркеуге болады.

JQ-Aqparat

 

 

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық