jasqazaq.kz

Астанада вейп пен темекіні спорт құралдарына ауыстыруда

20 наурыз 2024, 23:07

 

Астана әкімдігі салауатты өмірді насихаттауды жүйелі түрде жүргізіп келеді. Оның ішінде жастарды жаман әдеттерден аулақ болуға шақыру, алкогольге және шылым шегуге қарсы нақты шаралар да бар.

Мысалы, жақында қала әкімдігі мен «Астана жастары» еріктілерімен бірге кәсіби жаттықтырушы, ММА жауынгері Василий Тахтай бастаған спортшылар «Тәуелділікті спортқа айырбаста» акциясын өткізді.

Бұл іс-шара қала тұрғындарының электронды темекіге, насыбайға және вейптерге тәуелді болуына қарсы күреске бағытталған.

 

 

«Қазір барлығына аян, көпшілік арасында насыбай мен вейп кең тарап барады және күн өткен сайын оған тәуелділік арта түсуде. Бұл, әсіресе, жастардың денсаулығына орны толмас эиянын тигізеді. Сондықтан бүгін осындай игі шараны бастап отырмыз. Осылайша денсаулыққа зиян келтіретін заттарды спортпен жаттығуға арналған құрал-жабдықтарға ауыстыруды мақсат тұттық», – деді Василий Тахтай.

Мұндағы идея — акцияға қатысушылар көшеде вейп немесе электронды темекі тұтынатын және темекі шегетін азаматтармен сұхбаттасып, оларды жаман әдеттен бас таруға үгіттеп, қолдағы заттарын спорттық құрал-жабдықтарға ауыстыруды ұсынады. Мұндай айырбасқа көбісі қуана келісуде.

«Жаман әдетті салауатты өмір салтына өзгертіңіз. Мәселен, зиянды заттарды пайдалы бокс қолғабына немесе теннис құралдарына айырбастаңыз. Жаттығу жасаңыз, темекі шекпеңіз. Жастар сіздерден үлгі алады», – деді акцияға қатысқан ММА жауынгері қала тұрғындарына.

 Ә.Смайылов

 Суреттер: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі     

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі