
Астанада «Хайвилл» тұрғын үй кешені өртеніп, 150 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Бұл туралы ІІД Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлімдеді.Бұл туралы Nur.kz сайты хабарлады.
«Өрт туралы хабарлама 19 ақпан күні сағат 21:10-да келіп түсті. Тексеру барысында сорғы блогында кабель мен қатталған жиһаздың 60 шаршы метрі өртеніп жатқандығы белгілі болды. Қызыл жалын сағат 22:14-те ауыздықталып, сағат 22:35-те толығымен өшірілді. Өрт салдарынан иіс тиген 1996 жылғы азаматқа шұғыл медициналық көмек көрсетілді. 150 адам қауіпсіз жерге көшірілді, оның елуі — балалар», — деп мәлімдеді Иманқұлов.
Оқиға орнында 8 техникалық бірлік пен елордалық өрт сөндіру қызметінің жеке құрамынан 35 адам және 102 мен 103 қызметтерінің командасы жұмыс істеген.