jasqazaq.kz

Астанада Си Цзиньпиннің қазақ тіліндегі кітабының тұсаукесері өтті

29 мамыр 2025, 21:36

Астанадағы Назарбаев Университетінде Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің «Ел басқару жөнінде» атты төрт томдық кітабының тұсаукесері өтті.
Іс-шараға Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитетінің үгіт-насихат бөлімі меңгерушісінің орынбасары Ху Хэпин, ҚХР Ұлт істері жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Го Вэйпин, ҚХР Шетел әдебиетін басып шығару және тарату жөніндегі бас басқармасының жетекшісі Ду Чжаньюань, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы ҚХР-дың Төтенше және Өкілетті Елшісі Хан Чуньлинь қатысты.
Жиын барысында Аида Балаева екі ел арасындағы мәдени ынтымақтастықтың маңызын атап өтті.
«Қытай – Қазақстан үшін сенімді дос, одақтас әрі стратегиялық серіктес. Екі ел арасындағы ғасырлар бойғы достық, өзара құрмет пен сенімге негізделген ынтымақтастық бүгінде барлық бағытта табысты дамып келеді. Мемлекеттеріміздің басшылары арасындағы өзара түсіністік пен жоғары деңгейдегі сенім – екіжақты қарым-қатынастардың нығаюына зор ықпал етуде.
Бұл кітап – Қытай мемлекетінің саяси бағыт-бағдарын, ұлттық бірлік пен тұрақтылықты қамтамасыз етудегі ұстанымдарын, сондай-ақ ұзақмерзімді стратегиялық мақсаттарын түсінуге ұмтылатын қазақстандық оқырман үшін құнды дереккөз болмақ. Сонымен қатар, туынды – Қытайдың халықаралық аренадағы ұстанымдары мен рөлін саралауға мүмкіндік беретін маңызды еңбек», – деді Аида Балаева.


Кітап Қытай Халық Республикасындағы мемлекеттік басқару философиясы мен тәжірибесіне арналған. Онда ҚХР басшысының ішкі және сыртқы саясат, экономикалық және әлеуметтік даму стратегиялары жөніндегі көзқарастары қамтылған. Басылым саясаттанушыларға, халықаралық қатынастар саласының мамандарына, Азия елдерінің даму жолына қызығатын мамандарға, сондай-ақ қытай тілі, мәдениеті мен қоғамдық құрылымын зерттейтін ғалымдарға арналған.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты
15 шiлде, 14:24
Қазақстан Қарулы Күштерінде цифрлық технологияны енгізу басым бағытқа айналды
14 шiлде, 17:15
Ғиззат Байтұрсынов: «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясы цифрлық мемлекет құруға бағытталған
14 шiлде, 13:36
Иран Шархан: Мақсат –шикізатпен шектелмей, дайын өнім шығаратын өндірістік модельге көшу
13 шiлде, 15:45
Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту – өңір дамуының маңызды бағыты
12 шiлде, 13:59
Негізгі мақсат – өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын күшейту
12 шiлде, 13:05
Нақты сектор: Карбамид өзімізде өндіріледі
11 шiлде, 14:51
NATO 3.0: Әскери өнеркәсіпке басымдық
11 шiлде, 14:15
Тұрсынғали Жәкенов: LRT арқылы 1 миллионнан астам жолаушы тасымалданды