
Астананың тұрғын үйлерінің бірінде сегіз адам кірген лифт құлады.
Полицейлердің мәліметі бойынша, 18.50-де «Эдем палас» тұрғын үй кешенінде лифттен ақау шыққаны туралы хабарлама келіп түскен. «Лифтте сегіз адам, алтауы ересек, екеуі бес және алты жастағы балалар. Лифт алтынышы қабаттан бірінші қабатқа дейін қалыпты түсіп, бірінші қабатта үзіліп, жертөлеге құлаған», — делінген хабарламада. Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. Полицейлер мен лифтке қарайтын қызметкерлер есікті ашқан. Tengrinews.kz хабарлағандай, қажетті сараптамалар тағайындалып, ҚР ҚК 306-бабы бойынша тергеу басталды.