jasqazaq.kz

Астанада Орталық Азия медиафорумы өтеді

14 сәуiр 2025, 15:48

Астанада 16-17 сәуірде ІІ Орталық Азия медиафорумы өтеді, деп хабарлайды jasqazaq.kz. Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, Форумда Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Тәжікстан, Түрікменстан, Ұлыбритания, Қытай, Катар, Ресей және басқа да елдердің медиа саласының жетекшілері мен сарапшылары бас қосады.

Екі күн бойы өтетін панельдік сессияларда Орталық Азия мемлекеттерінің БАҚ-тары үшін жаңа даму мүмкіндіктері мен ынтымақтастық мәселелері, жаһандық медианың дамуы, болашақтың ақпараттық кеңістігін қалыптастыру, жасанды интеллект пен көп деректер кезеңіндегі медианың цифрлық трансформациясы, сондай-ақ ел имиджін қалыптастырудағы әлеуметтік желілердің рөлі талқыланады.

Медиафорумға 500-ден астам қатысушы (отандық және шетелдік БАҚ басшылары, орталық және жергілікті атқарушы органдардың баспасөз қызметі өкілдері, ЖОО студенттері, инфлюенсерлер, медиа сарапшылар және т.б.) келеді. Оларға арнап Euronews, CNN, Яндекс және басқа да жетекші ұйымдар мамандары шеберлік сабақтарын өткізеді.

Сонымен қатар медиафорум аясында Орталық Азия елдері ақпарат министрлерінің (уәкілетті тұлғаларының) кездесуі жоспарланған.
Медиафорумға қатысу үшін https://camf.kz/ сайтына кіріп, тіркелу қажет.

JQ-Aqparat

 Фото: gov.kz

16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты
15 шiлде, 14:24
Қазақстан Қарулы Күштерінде цифрлық технологияны енгізу басым бағытқа айналды
14 шiлде, 17:15
Ғиззат Байтұрсынов: «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясы цифрлық мемлекет құруға бағытталған
14 шiлде, 13:36
Иран Шархан: Мақсат –шикізатпен шектелмей, дайын өнім шығаратын өндірістік модельге көшу
13 шiлде, 15:45
Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту – өңір дамуының маңызды бағыты
12 шiлде, 13:59
Негізгі мақсат – өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын күшейту
12 шiлде, 13:05
Нақты сектор: Карбамид өзімізде өндіріледі
11 шiлде, 14:51
NATO 3.0: Әскери өнеркәсіпке басымдық
11 шiлде, 14:15
Тұрсынғали Жәкенов: LRT арқылы 1 миллионнан астам жолаушы тасымалданды