jasqazaq.kz

Астанада оқушы қыздарға қырындаған мұғалімге қылмыстық іс қозғалды

03 қазан 2024, 10:50

Әлеуметтік желіде астаналық ұстаздың оқушы қыздарға қырындап, мазасын алып жүргені туралы видео тарап, дау шықты. Істің мән-жайына қалалық білім басқармасы жауап берді деп жазды kaz.inform.kz.

«Мұғалім 2024 жылғы 2 қыркүйектен бері сынақ мерзімінде жұмыс істеді. Мектепішілік тәртіп комиссиясының шешімімен педагог 2024 жылғы 30 қыркүйекте жұмыстан босатылды», — дейді басқарманың баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай ұстазды ҚР Еңбек кодексінің 52 бабы, 14 тармағы негізінде (тәрбиелеу функцияларын атқаратын жұмыскер осы жұмысын жалғастырумен сыйыспайтын, моральға қайшы қылықтар жасаған) жұмыстан босатқан.
Ата-аналар шу шығарғаннан кейін жұмыстан қуылған мұғалімнің үстінен қылмыстық іс қозғалды.
«Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркелді, тергеу амалдары жүріп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат таратуға жатпайды», — деп растады елорданың полиция департаменті.

JQ-Aqparat

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі