jasqazaq.kz

Астанада Нұра жер асты су құбырының құрылысы басталады

19 сәуiр 2023, 11:20

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған кеңесте Астана әкімі Жеңіс Қасымбек: «Ең маңызды мәселелердің бірі ол – елордадағы азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру. Қала көршілес өңірлермен азық-түлікпен қамтамасыз ету бойынша нақты жұмыс жүргізуде. Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының индексі 104,5 пайызды құрады. Қазіргі күні жағдай тұрақталды. Соңғы екі айда көрсеткіш 100,3 пайызды құрайды, — деп атап көрсетті.

Астана әкімінің айтуынша, биылғы жылдың соңына дейін елорданы дамытудың 2035 жылға дейінгі жаңа бас жоспары әзірленуде. Онда тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасауға баса назар аударылады. Бірқатар маңызды инфрақұрылымдық жобалар аяқталуға жақын. Олар: жалпы қуаттылығы сағатына 1130 гигакалорияны құрайтын үшінші жылу электр орталығы құрылысының 1-ші кезегі мен екі газ жылу станциясының, сонымен қатар тәулігіне қосымша 105 мың текше метр су беретін үшінші насос-фильтр станциясының құрылысы. Бұл жоба осы жылдың шілдесінде аяқталады. «Cумен тұрақты қамтамасыз ету үшін Нұра жерасты су құбырының құрылысы мен Тельман сорғы станциясын кеңейту бойынша жобаларды жүзеге асыруды бастаймыз, сондай-ақ Сәтбаев атындағы каналдан су алуды көздейтін төртінші насос-фильтр станциясын жобалауды жоспарлап отырмыз», — деді Жеңіс Қасымбек.

JQ-Aqparat

18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного города в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции
18 маусым, 14:05
В Туркестанской области планируется ввести в эксплуатацию 58 социальных объектов
17 маусым, 18:15
«Күніне 13-14 сағат телефонға телмірдім". Балалар номофобия шырмауында
17 маусым, 17:41
«Тәрбие басы – әке қолында»: Алматыда отбасы құндылықтарына арналған форум өтті
17 маусым, 15:44
В Туркестанской области активно ведется цифровизация таможенной сферы
17 маусым, 13:59
В Сарыагашском районе активно развивается социальная инфраструктура