jasqazaq.kz

Астанада мұғалім оқушы қыздарға қырындап, жұмыстан қуылды

02 қазан 2024, 14:43

Астана гимназияларының бірінде 43 жастағы тарих пәнінің мұғалімі жетінші сынып оқушыларына қырыңдаған.  Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр.

Аstananews.kz инстаграм парақшасы хабарлағандай, мұғалім жетінші сынып оқитын қыздарға кешкі сағат  21:00-ден кейін WhatsApp-та сезімдерін білдіріп аудиожазбалар жіберген.

Zakon.kz түсініктеме алу үшін Астананың Білім басқармасына хабарласты. Олар бұл мұғалімнің мектепте 2024 жылдың 2 қыркүйектен бері жұмыс істегенін және сынақ мерзімінде екенін айтты.

 

Тәртіптік комиссияның шешімі бойынша педагог 30 қыркүйекте ҚР Еңбек кодексінің 14-тармағы 52-ші бабы аясында жұмыстан босатылған, — деп жауап берді Астананың Білім басқармасы.

Сонымен қатар қалалық полиция Департаменті осы факті бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатқанын айтып,өзге ақпарат жария етілмейді деп толықтырды.

JQ-Aqparat

 

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі