https://www.youtube.com/watch?time_continue=15&v=nLe73yu3EY4
Honda мотоциклінің жүргізушісі 1991 жылы туған. Ол сол кезде Момышұлы көшесімен жүріп келе жатқан. Жүргізуші жолдың рұқсат етілмеген жерінен өтіп бара жатқан қызды қағып кеткен.
«Жол-көлік оқиғасының салдарынан 1988 жылы туған қыз бен Honda мотоциклінде отырған жолаушы (1992 жылы туған) әр түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Мотоцикл жүргізушісі дәрігерлердің тексерісінен кейін босатылған», — деді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.
Куәлердің айтуынша, осы жол апатына Lexus жүргізушісі кінәлі. Ол автобусқа арналған жолмен озып өтпек болып мотоциклді іліп кеткен. Соққыдан мотоцикл жаяу жүргіншіні қаққан. Басқа нұсқалар бойынша, байкерді ешкім қақпаған, жол апаты көліктің оның қатысуынсыз болған.