jasqazaq.kz

Астанада мешітке жамағат кейпінде келген ер адам қымбат тонды ұрлап кетті (Видео)

11 желтоқсан 2024, 15:34

Астанада Әл-Фараби атындағы мешітке жамағат кейпінде келген ер адам бөтен адамға тиесілі қымбат тонды ұрлап кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полицияға жергілікті тұрғындардың бірі қалалық мешіттердің бірінде тоны ұрланғанын айтып шағым түсірген.

Жедел іздестіру нәтижесінде бейнебақылау камералары арқылы «Iceberg» маркалы қымбат тонды ұрлады деген күдікпен 22 жастағы жас жігітті анықтады.

«Күдікті мешітке жамағаттың кейпін жамылып келіп, намазға жығылуға кеткен азаматтың күртесін киіп мешіттен еш қиындықсыз шығып кетеді. Осылайша қала тұрғынына 400 мың теңгедей шығын келтірді.

Айыптаумен әшкереленген адам қылмыс жасағанын мойындады. Күдікті ұрланған киімді иесіне қайтарып береді.

Ұрлық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері күдіктінің басқа да 2 ұқсас қылмысқа қатыстылығын анықтады», — делінген қалалық ПД хабарламасында.

 

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі