jasqazaq.kz

Астанада мас күйде рөлге отырған полиция майорының кесірінен ірі жол апаты бола жаздады

23 тамыз 2016, 22:26

62716

Астанада ащы суға сылқия тойып алған полицейдің кесірінен тура ішкі істер министрлігі ғимаратының жанында сұмдық жол апаты бола жаздады. Удай мас күйде рөлге отырған майор жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, тура алдында келе жатқан «Ниваға» соққан. Абырой болғанда темір тұлпардағы адамдар аман.
Оқиға куәгері Павел Калашников мас майордың көлігінің кілтін тапсырып жатыр. Астана тұрғынының айтуынша, ішімдікке тойып алған сақшы дәл мына көшеде апат жасап, қашып кетуге тырысқан. Павел офицердің соңынан қуып жетіп, әрең тоқтатыпты. Сөйтіп, спирттік ішімдіктен есін әрең білетін сақшыны көлігінен сыртқа шығарып, кілтін тартып алған. Дереу патрульдік полицейлерді шақырдым-дейді куәгер. Бірақ әріптестері полицейді тексеруге алып кетудің орнына, мастығы тарқасын деп екі жарым сағат далада ұстап отырған. Кейін болған бұл жағдайды жылы жауып қоюға тырысыпты.

Павел Калашников, оқиға куәгері:

— Түсінік алған соң, бізді бір-бірден шақырып, ақша ұсынды. Мас майор: бала-шағам бар еді, оқиғаны көрмеген болыңыздаршы деп жалынды. Қасындағы офицерлер де үгіттеді. Мен келіспедім. Өйткені ол нағыз қылмыскер. Енді шынымен де жылы жауып қоймақ. Ішкі істер департаментіне барып, қайта шағымдандым.

КТК

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде