jasqazaq.kz

Астанада қаржы пирамидасын құрғандар сотталды

15 наурыз 2024, 13:56

Елордада «Best Road Investment» қаржы пирамидасының басшылары мен менеджері сотталды. Бұл туралы Астана қаласының прокуратурасы мәлімдеді.

Сотта мемлекеттік айыптаушы қаржы пирамидасының екі ұйымдастырушысы мен менеджерінің кінәсін дәлелдеді. Прокуратураның мәліметінше, «Shanyrak Plus» бағдарламасы бойынша салымшы тұрғын үй алу үшін 103 АҚШ долларын сала отырып, артынан екі салымшыны тартып және олардың әрқайсысы өсу тәртібімен тағы екі салымшы шақыруы тиіс болғвн.
Компания қызметінің барлық кезеңінде, яғни 2020 жылдың қазанынан бастап 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін «Shanyrak Plus» бағдарламасы бойынша 45 салымшының ешқайсысы қажетті табыс, сондай-ақ тұрғын үй алмаған және жалпы залал сомасы 107 млн теңгеден астам қаражатты құраған.

Сот үкімімен 7 жылға дейін коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарда басшылық қызметтерді атқару құқығынан айыра отырып, ұйымдастырушылардың әрқайсысы 6 жылға, сыбайласы 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды. Келтірілген шығын сотталғандардан өндірілді.

Қала прокуратурасы азаматтарды сақ болуға және күмәнді ұйымдарға жарна салудан бас тартуға шақырады.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі