
Елордада «Синий кит», «Беги или умри» ойындары туралы деректер тіркелмеген. Бұл туралы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі сілтеме жасай отырып Baq.kz хабарлайды.
«Астанада «Синий кит», «Беги или умри» деректері тіркелмеген. Бірақ ІІД-нің мамандары әлеуметтік желі арқылы тараған ақпараттарды тексеріп жатыр», — деді Баспасөз қызметінің өкілдері.
Айта кетейік, бүгін Ресейде желі арқылы жасөспірімдерді өз-өзіне қол жұмсауға итермеледі деген күдікпен Филипп Будейкин есімді азамат ұсталды. Ол 15 жасөспірімнің өліміне себепші болған.
Полицияның мәліметіне сәйкес, жастарды өз-өзіне қол жұмсауға итермелейтін әлеуметтік желідегі топтар жұмысын жабық түрде жүргізген.
Бүгінгі таңда жастарды суицидке итермелейтін ойындар әлеуметтік желілер арқылы Қазақстанғада кеңінен насихатталуда.
Бірінші ойын – «Синий кит» деп аталады. Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, ойын 50 тапсырмадан тұрады. Ең соңында оқушы өз-өзіне қол жұмсауы керек. Егер ол олай істемесе, ойынның бақылаушылары оларды «ата-анаңды өлтіреміз!» деп қорқыта бастайды. Ережеге сәйкес, қатысушы ойыннан тек өз-өзіне қол жұмсау арқылы шыға алады.
Екінші ойын – «Беги или умри». Қатал ойынның ережесіне сәйкес, қатысушы бағдаршамның қызыл белігісі жанып тұрған кезде жүріп бара жатқан машинаның тұсынан жүгіріп өтуі тиіс.
Ескерту!
Baq.kz сайтында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және ақпарат агенттігінің меншігі болып табылады. Көшіріп басу редакцияның рұқсатымен жүзеге асады. Материалды көшіріп басу кезінде Baq.kz сайтына төте сілтеме көрсету талап етіледі.