jasqazaq.kz

Астанада Халықаралық волонтерлер жылын өткізу жөніндегі Ұлттық ұйымдастыру комитетінің бірінші отырысы өтеді

10 мамыр 2025, 12:02

2025 жылғы 12 мамырда Астана қаласында Халықаралық волонтерлер жылына дайындық және өткізу бойынша Ұлттық ұйымдастыру комитетінің алғашқы отырысы өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясы 2026 жылды Тұрақты даму мақсаттарындағы Халықаралық волонтерлер жылы деп жариялаған болатын.

Аталған іс-шара барысында волонтерлік қозғалысты дамыту мен азаматтық белсенділікті арттыруға бағытталған негізгі бағыттар, бастамалар мен жоспарланған іс-шаралар талқыланатын болады.

Отырысқа БҰҰ Еріктілер бағдарламасының атқарушы үйлестірушісі Тойлы Құрбанов, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың және волонтерлік бірлестіктердің өкілдері қатысады.

Бүгінде Қазақстанда волонтерлік қызмет қарқынды дамып, түрлі салаларды қамтып отыр. Қазіргі таңда елімізде 755 волонтерлік ұйым тіркелген, ал еріктілікпен айналысатын азаматтардың жалпы саны 275 мыңнан асады. Волонтерлік қызметтің басты бағыттарына қарттар мен жалғызбасты жандарға көмек көрсету, өмірлік қиын жағдайдағы азаматтарды қолдау, экологиялық волонтерлік пен төтенше жағдайлардың зардаптарын жоюға қатысу жатады.

Қазақстан мемлекет пен волонтерлік қауымдастық арасындағы табысты институционалдық әріптестіктің үлгісін көрсетіп келеді. Елімізде волонтерлік қызметтің құқықтық негіздері қалыптасқан. «Волонтерлік қызмет туралы» заң қолданыста, сондай-ақ волонтерлікті 2026 жылға дейін дамытудың жол картасы жүзеге асырылуда.

Волонтерлік қызметті үйлестіру мақсатында «Qazvolunteer.kz» онлайн платформасы жұмыс істейді. Платформа волонтерлер мен ұйымдарды біріктіріп, жүзеге асырылып жатқан жобалар мен қатысу мүмкіндіктері жөнінде ақпарат ұсынады. Бұдан бөлек, еліміз бойынша волонтерлік бастамаларды қолдау мен мониторинг жүргізуді қамтамасыз ететін Ұлттық фронт-офис қызмет атқарады.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты
15 шiлде, 14:24
Қазақстан Қарулы Күштерінде цифрлық технологияны енгізу басым бағытқа айналды
14 шiлде, 17:15
Ғиззат Байтұрсынов: «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясы цифрлық мемлекет құруға бағытталған
14 шiлде, 13:36
Иран Шархан: Мақсат –шикізатпен шектелмей, дайын өнім шығаратын өндірістік модельге көшу
13 шiлде, 15:45
Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту – өңір дамуының маңызды бағыты
12 шiлде, 13:59
Негізгі мақсат – өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын күшейту
12 шiлде, 13:05
Нақты сектор: Карбамид өзімізде өндіріледі
11 шiлде, 14:51
NATO 3.0: Әскери өнеркәсіпке басымдық
11 шiлде, 14:15
Тұрсынғали Жәкенов: LRT арқылы 1 миллионнан астам жолаушы тасымалданды