jasqazaq.kz

Астанада ер адам қоқыс төккені үшін айыппұл төлейді

19 тамыз 2016, 12:01

ко

Астанада ер адам қоқыс төккені үшін айыппұл төлейді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі астаналық ІІД жергілікті полиция баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметі бойынша, тазалағыш көліктің жүргізушісіне 63 630 теңге айыппұл салынған.
«Астана қаласының ІІД-нің ЖПҚ қоршаған ортаны қорғау полиция қызметкерлері 1970 жылғы ер адамның басқаруымен ГАЗ-53 автокөлігін ұстаған. Ол көлігіне толған нәжістерді Сейфуллин көшесіндегі канализациялық люкке төккен. 46 жастағы ер адамның бұл әрекеті бір жыл ішінде екінші рет қайталанып отырғандықтан, полицейлер оны ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 505-бабы («Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру») бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Ер адамға 30 АЕК (63 630 теңге) көлемінде айыппұл салынды», — делінген хабарламада.

Еске салайық, жыл басынан бері Астана қаласының ІІД-нің жергілікті полиция қызметі тазалаушы көліктің 45 жүргізушісін абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін жалпы саны 1 537 725 теңгеге дейін айыппұл салған.
коо

kaz.tengrinews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде