jasqazaq.kz

Астанада Дүниежүзілік тазалық күні аясында экологиялық акциялар өтті

21 қыркүйек 2024, 15:17


Бүгін – бүкіл әлемде Дүниежүзілік тазалық күні (World Cleanup Day). Осыған орай, елордада «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіп үлгісі» экологиялық акциясы аясында мәдениет министрлігі өкілдерінің қатысуымен ауқымды жалпықалалық сенбілік өтті.
Сондай-ақ Талдыкөл қалалық жағажайында «Көлді аяла» экологиялық акциясы өтті. Іс-шараны «Birgemiz:Taza Alem» жалпыұлттық жобасы шеңберінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Әлеуметтік жобалар қоры» корпоративтік қоры ұйымдастырды.
Сенбілікке мәдениет және ақпарат министрлігінің қызметкерлері, сондай-ақ республикалық жастар және волонтерлік ұйымдардың өкілдері қатысты. Акция аясында Талдыкөл қалалық жағажайында 100-ге тарта адамның қатысуымен бір тоннаға жуық қоқыс жиналды.

JQ-Aqparat

Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі