jasqazaq.kz

Астанада дипломатиялық корпусқа арналған «Наурыз балы» өтті

28 наурыз 2025, 22:15

Астанада ұлттық мереке – Наурыз мейрамына арналған «Наурыз балы» өтті.
Бұл имидждік жоба екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып келеді. Аталмыш іс-шара шетелдіктердің  қазақ мәдениетіне деген қызығушылығын дамытуға ықпал етуде. Балдың дәстүрлі қонақтары – дипломатиялық корпус өкілдері, халықаралық ұйымдар мен компаниялардың басшылары. Іс-шараның ұйымдастырушысы –  Мәдениет және ақпарат министрлігі.
Наурыз – жаңару, бірлік пен берекені білдіретін ұлттық мейрам. Сондықтан бұл дипломатиялық корпус өкілдеріне Қазақстанның бай мәдени мұрасын таныстыру үшін таптырмас мүмкіндік.

Кештің сәнін елордадағы үздік шығармашылық ұжымдар мен  өнерпаздар келтірді. Бағдарламаның басым бөлігі фольклорлық және этникалық нөмірлерден тұрды.


«Наурыз бал» жобасы мәдени байланыстарды нығайтуға және Қазақстандағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.

Қазіргі әлемде мәдени дипломатия елдің жағымды имиджін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады, сондықтан мұндай іс-шараларды өткізу қоғамдық және мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігіне айналды.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі