jasqazaq.kz

Астанада биыл бірінші сыныпқа 26 мың бала барады

31 наурыз 2023, 11:51

Биылғы жылдың 1 сәуірінен 1 тамызына дейін жалпы орта білім беретін мектептерге бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау басталады. Осыған орай Астана қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Маржан Қайырбаеваға бірнеше сұрақ қойған едік.
— Биылғы оқу жылына балаларды қабылдаудың ерекшеліктері қандай? Жалпы Астана қаласы бойынша биыл қанша бүлдіршін алғаш рет мектеп есігін ашқалы отыр?
— Бірінші сәуір сенбі күнге түсіп тұрғандықтан, құжаттар қабылдау үшінші сәуірден басталып, бірінші тамызға дейін қабылданады. Біздің болжам бойынша, биылғы оқу жылында бірінші сыныпқа жиырма алты мыңға жуық бала келеді деп күтілуде.
Білім беру ұйымдары дайындық деңгейіне қарамастан, қызмет көрсететін аумақта тұратын алты жастағы және күнтізбелік жылда алты жасқа толатын балаларды бірінші сыныпқа қабылдауды қамтамасыз етеді.

Мамандандырылған мектептерден басқа, барлық мектептер бірінші сыныпқа баратын балаларды ешқандай емтихансыз қабылдайды. Әр мектепте ата-аналарға көмек көрсету мақсатында бірінші сыныпқа қабылдау бойынша комиссия құрылды.
Ата-аналар құжаттарды «электрондық үкімет» www.egov.kz, веб-порталы арқылы тапсырады. Сондай-ақ қағаз түрінде де тапсыра алады.
Алғашқы үш өтініш мектептің аумағында тұратын балалардан қабылданады, біреуі — ата-аналардың өтініші бойынша, яғни таңдау бойынша (3+1 қағидатымен).
Бірінші сыныпқа қажетті құжаттар: ата-анадан өтініш, баланың туу туралы куәлігі, денсаулық жағдайы туралы анықтама № 063/у және «Бала денсаулығы паспорты» 026/у-3, баланың 2 данада 3х4 см өлшеміндегі фотосуретi.

Ескерте кетейік, білім беру мекемесінің ата-анадан осы тізбеде көрсетілмеген құжаттарды талап етуге құқығы жоқ.
— Шетел азаматтары мен Қазақстан Республикасының азаматтығы жоқ адамдардың балалары мектепке қалай қабылданады?
— Шетел азаматтары мен Қазақстанның азаматтығы жоқ адамдардың балаларын орналастыру үшін бос оқушы орындары бар білім беру ұйымын анықтап, олардан өтініш келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 28 қыркүйектегі бұйрығына сәйкес жолдама беріледі.

Осы ретте ерекше білімді қажет ететін балаларды қабылдау ата-анасының келісімімен, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы негізінде жүргізілетінін атап өткім келеді.

Мамандандырылған білім беру ұйымдарына қабылдау ережеге сәйкес 1 ақпан – 15 сәуір аралығында жүргізілуде. Конкурс 15-30 сәуір аралығында жүргізілетін болады.
— Бірінші сыныпқа құжатты қабылдаудан қандай жағдайда бас тартады?
— Бірінші сыныпқа құжатты қабылдаудан құжаттар топтамасын толық ұсынбағанда, ұсынылған құжаттарының дұрыс еместігі анықталған жағдайда және сыныптар жиынтығы толып қалған кезде бас тартуы мүмкін.

Ал егер де білім беру ұйымдарына қабылдаудан негізсіз бас тартқан жағдайда Астана қаласының Білім басқармасына 556870, 556881, 556887, 557462 телефондары бойынша хабарласуға болады.

Абзал Ибрагим,
Астана

14 мамыр, 15:53
Ерғали Көшеке: Алматы облысында дінаралық татулық – тұрақтылық кепілі
14 мамыр, 14:15
Бижан Анарбеков: Расширение сферы применения государственного языка — наша общая задача
14 мамыр, 14:13
Туркестан: Продолжается модернизация систем электроснабжения и уличного освещения
14 мамыр, 14:11
В Туркестанской области продолжается модернизация систем водоснабжения
14 мамыр, 14:06
Туркестан: В Сайрамском районе развивается промышленное производство
14 мамыр, 13:44
Түркістан Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ұсынылды
14 мамыр, 12:56
Туркестан: Активно реализуются проекты по развитию социальной инфраструктуры
14 мамыр, 12:54
В Туркестанской области растёт объём высокотехнологичной медицинской помощи
13 мамыр, 18:38
Туркестан: «Келешек мектептері» - школа нового формата