jasqazaq.kz

Елордада ескі үйлерден 4200 адам жаңа баспанаға көшпек

29 наурыз 2024, 18:40

Астана қаласында барлық негізгі экономикалық көрсеткіштер бойынша дамудың оң қарқыны байқалады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әлеуметтік нысандардың (мектептер, оқушылар сарайлары, балабақшалар, медициналық орталықтар, жеңілдікпен берілетін тұрғын үйлер) құрылысы, құрылысы ұзаққа созылған нысандарды салып бітіру, тұрғын үй алаптарын дамыту, қаланы абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүріп жатыр.
Сонымен қатар ескі тұрғын үйлерді жаңарту бағдарламасы аясында апатты жағдайдағы үйлерді бұзу және олардың тұрғындарын жаңа үйлерге көшіру мәселесі де қарастырылған. Астана әкімдігі баспасөзінің хабарлауынша 2024 жылы 60 апатты үйдің тұрғындары 1400 пәтерге көшеді, осылайша шамамен 4200 адам жаңа тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.
Жалпы алғанда 2013 жылдан бері қалада 286 апатты үйдің тұрғындары жаңа қоныс көшіп, 4500-ден астам отбасы жайлы пәтерлерге ие болды.
Астанада 2023-2029 жылдарға арналған тұрғын үй қорын жаңарту жобасы аясында 206 апатты үйдің тұрғындары 4710 пәтерге көшеді деп күтілуде.
Жобаның шарттары бойынша апаттық жағдайдағы үйлердің тұрғындарына құқық белгілейтін құжаттарға сәйкес бөлмелер санына және адам санына қарамастан, пәтердің ауданы бойынша бірдей мөлшерде (яғни «шаршы метрге» — «шаршы метр»), бірақ кемінде бір бөлмелі жаңа пәтерлер беріледі.
Бұдан басқа тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін тұрғын үй кешендерін жөндеу, лифтерді ауыстыру, жеңілдетілген әлеуметтік тұрғын үй салу жүргізілуде.
Аталған бағыттар бойынша нақты жұмыстар жоспарлы түрде жүзеге асып жатыр.

Ә.Смайылов

 

Бүгін, 16:21
Алматы облысындағы туристік орындардан 200 тоннадан астам қоқыс жиналды
01 мамыр, 19:25
Мереке күні Алматы облысында 120 гектардан астам аумақ тазартылды
30 сәуiр, 20:11
Әрекеті әлеуетімен үйлескен өңір
30 сәуiр, 18:20
Қызылорда облысы: экономикадағы оң динамика
30 сәуiр, 16:53
Марат Сұлтанғазиев: тәртіп бар жерде тазалық та бар
30 сәуiр, 15:34
Туркестан: Усилен контроль за работой недропользователей
30 сәуiр, 15:29
Туркестан: В Жетысайском районе будет запущено 14 инвестиционных проектов
30 сәуiр, 15:02
Ержан Бабақұмаровты өлтірген адамға сот үкімі шықты
30 сәуiр, 14:59
Астанинские 3000 школьников исполнили песню "Ақ көгершін" ко дню единства