jasqazaq.kz

Астанада бауырлас қалалар форумы басталды

05 шiлде 2023, 10:30

Елорданың 25 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған Астананың бауырлас қалалары форумына Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысып жатыр.
«Астананың 25 жылдығы. Жаңа перспективалар. Жаңа мүмкіндіктер» деген тақырыпта өтіп жатқан форумның аясында қалаларды дамытудың өзекті мәселелерін және олардың қазіргі жаһандық әлемдегі өсуі мен инновацияның басты орталықтары ретіндегі рөлі талқыланады.
Форумның іскерлік бағдарламасы аясында түрлі салалар бойынша өткізілетін 8 панельдік сессияның ұйымдастырылуы жоспарланған:
1) Қалаларды цифрлық трансформациялау: инновациялық жобалар, бағдарламалар және технологиялар;
2) Қалаларға инвестициялар экономиканың өсуінің негізгі драйвері ретінде;
3) Болашаққа бағытталған қала құрылысы;
4) Медициналық туризмнің әлемдік нарығы: проблемалар мен өсу драйверлері;
5) Астана – медициналық туризм картасында;
6) Болашақ бағдарламасының 30 жылдығы: Астананың адами капиталына және еңбек ресурстарын дамытуға қосқан үлесі;
7) FUTURE SMART megacities халықаралық ғылыми-практикалық симпозиумы;
8) Ортағасырлық Еуразияның урбанизацияланған кеңістіктерінің тарихындағы Бозоқ — халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы.
Халықаралық сессияларға бауырлас қалалар мэрлері, әлемнің 15 елінен беделді сарапшылар, әлемдік бизнес көшбасшылары, қаржы институттарының мамандары, мемлекеттік және ғылым қайраткерлері, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың, жергілікті және шетелдік БАҚ өкілдері қатысып жатыр.
Іс-шараға АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Италия, Израиль, Түркия, Польша, Үндістан Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Жапония, Әзербайжан, Оңтүстік Корея елдерінен қатысушылар келді.
Форум қорытындысында бірқатар халықаралық келісімдерге қол қою жоспарланып отыр.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі