jasqazaq.kz

Астанада «Батырларға тағзым» порталының таныстырылымы мен қолжазбалар көрмесі өтті

05 мамыр 2025, 19:35

Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде қазақстандық майдангерлер туралы мәліметтерді қамтитын «Батырларға тағзым» порталының таныстырылымы және құжаттық көрме өтті.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі іске қосқан «Батырларға тағзым» (https://batyrlarga-tagzym.kz) сайтында қазірдің өзінде 678 331 ардагер, оның ішінде 365 Кеңес одағының батыры, 4 екі мәрте Кеңес одағының батыры және 19 «Даңқ» орденінің кавалері және басқа да ержүрек жауынгерлер туралы кең көлемді мәліметтер базасы мен галереясы бар.

Порталға күн сайын 100-ден аса өтінім келіп түсуде. Соңғы 2 күндегі есеп бойынша, веб-порталға ардагерлердің тізімін енгізу бойынша Астана,  Алматы қалалары, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Атырау облыстарынан өтінімдер белсенді түскен.

Интерфейс қажетті ақпаратты табуға ғана емес, сонымен қатар өз ардагер туыстары туралы деректерді қосуға, жаңалықтармен танысуға мүмкіндік береді. Айта кетерлігі, порталға жіберілген мәліметтер архив мамандарының арнайы бақылауынан соң қолданысқа енеді.

Бірегей жобаға бірнеше елден де қызығушылық артып, ұсыныстар түсуде. Атап айтсақ, Ресей, Әзербайжан, Белорусь, Молдова, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан және Украинадан 80-ге жуық өтінім келді.

Іс-шара аясында «Батырларға тағзым» сайтындағы ардагерлердің, сондай-ақ  Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің  қорынан алынған Ұлы Отан соғысының ардагерлері Кәри  Абитов, Тәңірберген Қалиханов, Хамит Ерғалиев, Мәлік Ғабдуллин, Ермекқали Серікбаевтың жеке құжаттары мен майданнан жазған хаттары, жалпы 150-ге жуық құнды дерек жұртшылық назарына ұсынылды.

Іс-шараға ҰОС ардагерлерінің ұрпақтары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, студенттер мен оқушылар қатысты.

  • Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Бүгін, 12:38
Мемлекеттік кеңесші: Президент реформаларының ең үлкен жемісі – қоғамдық санадағы сілкініс
25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры